ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова заңнамадағы тиісті шектеуге қарамастан оқушылар мектепте смартфон пайдаланса, ата-анасына айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды F16.kz порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
«Білім туралы» заңда ұялы телефонды сабақ процесінде пайдалануға тыйым салынғаны жазылған. Бұл тұрғыда жауапкершілік ата-анаға жүктелген. Сондықтан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабында осы жауапкершілік нормасы қарастырылған. Талаптар бұзылған жағдайда, кодексте айыппұл сомасы көрсетілген. Егер бірінші рет болса, ескерту жасалады. Ал тағы қайталынып жатса, айыппұл салынады, — деді М.Мелдебекова Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Вице-министрдің айтуынша, әзірге бұл бап бойынша ата-аналарға айыппұл жазылмаған. Жалпы, аталған ережені бұзу әрекеті үшін 5 АЕК сомасында айыппұл ескерілген.




