F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Оқушылары озат, ұстаздары білікті: аймақ басшысы Белоусовка мектебіне барды

F16 F16
15.01.2026, 14:58
Білім мен ілім, Глубокое, Жаңалықтар
Фото: видеодан алынған кадр

Фото: видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Глубокое ауданының Белоусовка кентінде болып, жылу қазандығының жұмысын көрді. «Келешек мектептері» жобасы арқылы салынған жергілікті білім ордасына бас сұқты, деп хабарлайды F16.kz.

Аймақ басшысы кенттің тұрғын үйлері мен әлеуметтік нысандарын жылумен қамтамасыз етіп тұрған қазандық жұмысын тексерді.

Қазір бұл қазандық 43 көпқабатты үйге жылу беріп отыр. Жауапты мамандар қазандықтың техникалық жай-күйі, қуаты, жылу желілері, отын қоры және негізгі жабдықтардың жұмысы туралы баяндады. Облыс әкімі күннің күрт суытуына байланысты жылу жүйесінің іркіліссіз жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.

Белоусовкадағы №2 жалпы білім беретін мектептің оқушылары аудандық, облыстық бәсекелерде биіктен көрініп, жоғары жетістіктерге жетіп жүр. Көпке үлгі болар білім шаңырағын аралап, ұстаздармен тілдескен Нұрымбет Сақтағанов ауылдық жерде барлық талапқа сай келетін заманауи мектептердің ашылуы ел болашағына салынған қомақты инвестиция екенін айтты.

Мұнда басқа да «Келешек мектептеріндегідей» заманауи сыныптар, спорт залы, акт залы, кітапхана, компьютер және хореография кабинеттері бар. Балалардың сапалы әрі жайлы білім алуына қажетті барлық жағдай жасалған, — деді аймақ басшысы.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған білім ордасында жаңа үлгідегі оқу кабинеттері, спорт залы, асхана, цифрлық сыныптар және басқа да арнайы кабинеттер бар. Осындай мол мүмкіндіктердің арқасында оқушылар жаңа технологияларды меңгеріп, жасанды интеллектінің қыр-сырын үйрене бастаған. Қазір мұнда 500-ден астам шәкірт тәрбиеленіп жатыр.

Тегтер: ӘлеуметБілімГлубокое ауданыжылуИнфрақұрылымКелешек мектептері
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған