F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Онкология орталығында екінші желілік үдеткіш іске қосылды — ШҚО

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
08.10.2026, 14:09
Біздің медицина, Жаңалықтар
Фото: F16.kz/Аяужан Утеулинова

Фото: F16.kz/Аяужан Утеулинова

Шығыс Қазақстан облыстық онкология және хирургия орталығында жыл сайын мыңнан астам пациент сәулелік терапиядан өтеді. Енді дәрігерлерде заманауи екі желілік үдеткіш бар. Бұл мамандандырылған медициналық көмектің көлемін арттырып, аймақ тұрғындарын үздіксіз емдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Британдық өндірістегі Elekta Versa HD жаңа аппараты биыл 23 қыркүйекте пайдалануға берілді. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов орталыққа барып, заманауи жабдықтың мүмкіндіктерімен және мамандардың жұмысымен танысты.

Жаңа желілік үдеткіш «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен ШҚО онкологиялық қызметін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталған қайырымдылық жоба аясында орнатылды. Жобаны үйлестіруші — Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты. Жоба Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күресудің 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарының міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылуда.

Өңір үшін орталықтың мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызы зор. Қазір облыста онкологиялық аурулар бойынша диспансерлік есепте шамамен 15 мың пациент тұр. Жыл сайын қатерлі ісіктің 2,5 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталады. Ал орталықта жыл сайын 10 мыңнан астам адам мамандандырылған ем алады.

Біздің міндетіміз — облыс тұрғындарына заманауи диагностика мен емдеу әдістерін тұрғылықты жері бойынша қолжетімді ету. Осы маңызды жобаны қолдап, өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосқаны үшін “Қазақстан халқына” қорына шынайы алғысымды білдіремін, — деді Нұрымбет Сақтағанов.


Жаңа үдеткіш сәулені ісікке барынша дәл бағыттап, айналасындағы сау ағзалар мен тіндерге түсетін сәулелік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Аппаратқа кіріктірілген компьютерлік томография жүйесі сәуле түсірілетін аймақтың орналасуын бақылауға мүмкіндік береді.

Жабдықтың жоғары қуаты кейбір емдеу процедураларының уақытын 5 минутқа дейін қысқартадя. Бұған дейін зерттеуді қоса есептегенде, мұндай емдеу процесі 25 минутқа дейін созылатын. Осының барлығы емдеу тиімділігін арттырып, сауығу мүмкіндігін жоғарылатуға ықпал етеді.

Аппарат сәулелік терапияның кең ауқымды әдістерін, соның ішінде стереотактикалық радиотерапия мен ми ісіктерін радиохирургиялық емдеуді жүргізуге арналған. Атауы радиохирургия болғанымен, бұл әдіс хирургиялық тілікті қажет етпейді. Ісікке әсер ету дәл бағытталған сәуле арқылы жүзеге асырылады.

Versa HD моделін таңдау орталықта бұған дейін қолданылып келген жабдықтың ерекшеліктерімен де байланысты. Екі үдеткіштің техникалық және дозиметриялық сипаттамалары ұқсас әрі олар бірыңғай технологиялық ортада жұмыс істейді. Бұл мамандарға екі аппаратта қатар ем жүргізіп, сәулелік терапия қызметінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстанда онкологиялық көмек көрсету жүйесін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл бағытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, жаңа технологияларды енгізу міндетін қойған болатын. Өңірдегі онкология орталығының заманауи жабдықпен қамтамасыз етілуі шығысқазақстандықтарға медициналық көмектің озық әдістерін өз облысында, отбасынан алыстамай алуға мүмкіндік береді.

Тегтер: TopОнкологияШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған