Қасым Қайсенов кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, 4 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды F16.kz.
Туыстарының үйіне келген Қанат Қапанов көрші пәтердің түтіндеп жатқанын көріп, ойланбастан көмекке ұмтылған.
Көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Өскемен қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Қанат Қапанов пәтерден 2 баланы аман-есен алып шықты. Кейін ол түтін басқан подъезден тұрғындарды эвакуациялануға да көмектесті, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына құтқарушылар келгенге дейін 80 адам өз бетінше сыртқа шығып үлгерген. Өрт сөндірушілер 45 шаршы метрге шарпыған тілсіз жауды ауыздықтады.




