Ертең, 28 тамыз күні сағат 10.00-де Өскеменде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтеді. Қала әкімі Алмат Ақышов барша тұрғындарды игілікті бастамаға атсалысуға шақырды, деп хабарлайды F16.kz.
Құрметті қала тұрғындары! Сіздерді «Таза бейсенбі» атты экологиялық акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамын. Бұл шараның мақсаты – туған қаламыздың аумағын абаттандыру, тазалық пен тәртіпті сақтау.
Әрбір тұрғынның атсалысуы — Өскеменімізді таза, жайлы әрі әсем қалаға айналдыруға зор үлес.
Баршаңызды ауызбіршілікпен ортақ іске қатысуға шақырамын! – деп жазды шаһар басшысы әлеуметтік желіде.




