Өскеменде бүгін тағы қолайсыз метеожағдай жарияланды. Бұл туралы ШҚО бойынша экология департаменті мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
20 қазан күні сағат 20.00-ден 21 қазан сағат 20.00-ге дейін Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланады, — делінген хабарламада.
Қала аспанын түтін басқанына бірнеше күн болды. Ауа сапасының нашарлауы тұрғындардың наразылығын тудырып, әлеуметтік желіде жарыса шағымданып жатыр.




