F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Oskemen HUB-та жастардың тың идеялары сайысқа түсті

F16 F16
10.04.2026, 17:50
IT, Жаңалықтар, ЖИ, Өскемен
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Шығыстың бас қаласындағы Oskemen HUB алаңында «Инновация. Тұрақтылық. Болашақ» атты ауқымды хакатон ұйымдастырылды. Іс-шараға өңірдегі жоғары оқу орындарының студенттері мен жас мамандары қатысып, түрлі инновациялық жобаларын ұсынды, деп хабарлайды F16.kz.

Хакатонды «Ауыл» партиясы Acapedia Kazakhstan Limited компаниясымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасының қолдауымен өткізді.

Қатысушылар биотехнология және агроинновациялар, цифрландыру, жасанды интеллект, ESG және кәсіпкерлік бағыттары бойынша жобаларын таныстырды. Шара жас әзірлеушілер үшін өз идеяларын ұсынып қана қоймай, олардың тәжірибелік маңызын көрсетуге мүмкіндік берген алаңға айналды.

Іс-шараның ашылу салтанатында «Ауыл» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы аппаратының жетекшісі Ермек Иманғазинов қатысушыларға сәттілік тілеп, цифрлық технологиялардың бүгінде өмірдің барлық саласына еніп жатқанын атап өтті.

Бүгінде цифрлық технологиялар қарқынды дамып келеді, және олардың өміріміздің барлық саласында кеңінен қолданылып жатқанын бәріміз жақсы білеміз. Сіздердің идеяларыңыз бен жобаларыңыздың арқасында бұл бағыт одан әрі дамып, еліміз туралы әлемге кеңінен таныла түседі, – деді ол.

Жалпы хакатонға қатысуға 19 өтінім қабылданған. Жобалар ауыл шаруашылығын цифрландырудан бастап, авиациялық қауіпсіздік және қалалық ортаны жақсартуға дейінгі түрлі бағыттарды қамтыды.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік үш жобаны анықтады. Бірінші орынды С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті командасы «Ауыл шаруашылығын цифрландыру» жобасымен жеңіп алды. Жоба дәлме-дәл егіншілік технологияларына негізделген. Ол әрбір жер телімінің ерекшеліктерін ескере отырып, агроөндірісті тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Команда бірыңғай Agriculture агротехнологиялық порталын құруды ұсынды. Бұл жүйе барлық цифрлық шешімдерді біріктіріп, егістік алқаптарын цифрландыруды, электронды карталар жасауды, деректер базасын қалыптастыруды және өнімділік аймақтарын анықтауды қамтиды. Талдау барысында Sentinel және Landsat спутник деректері, дрондардан алынған ақпарат, топырақ зерттеулері мен агрометеостанциялар мәліметі пайдаланылады.

Жобаға енгізілген жасанды интеллект егіс жағдайын вегетациялық индекстер (NDVI, NDMI, NDWI) арқылы бағалап, өнімділікті болжайды және тәуекелдерді анықтайды. Сонымен қатар тыңайтқыштарды дәл мөлшерде енгізуге мүмкіндік береді. Әзірлеушілердің есептеуінше, бұл шығындарды 10-20 пайызға азайтып, тиімділікті арттыруға және экологиялық жүктемені төмендетуге көмектеседі. Болашақта жоба аясында арамшөптер мен өсімдік ауруларын автоматты түрде анықтау функциясын енгізу жоспарланып отыр.

Екінші орынды Өскемен экономика және техника колледжінің командасы «Қол тілі» жобасымен иеленді. Бұл – ым-ишара тілін үйретуге арналған онлайн-платформа. Пайдаланушыларға интерактивті сабақтар, бейненұсқаулықтар, ойын форматындағы тапсырмалар ұсынылады. Жоба есту қабілеті бұзылған адамдар үшін қарым-қатынасты жеңілдетуге бағытталған.

Үшінші орын Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті командасының SmartweedAI жобасына бұйырды. Бұл әзірлеме компьютерлік көру технологиясы мен автоматтандырылған лазерлік жүйелерді біріктіріп, арамшөптерді гербицидсіз анықтап, жоюға мүмкіндік береді.

Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды. Ал бірінші орын алған команда Шығыс Қазақстан облысының атынан республикалық кезеңде бақ сынайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай хакатондар жас мамандарға зор мүмкіндік сыйлайды. Себебі бұл алаңда тың идеялар нақты жобаларға айналып, қатысушылар өздерін танытып, технологиялық кәсіпкерлікке алғашқы қадам жасай алады.

Тегтер: ITOskemen HubTopАуыл партиясыӨскеменХакатон
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған