Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов ақпан айының соңы мен наурыздың басында шаһар тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды F16.kz.
Жиын барысында былтыр атқарылған жұмыстар жайлы есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөліседі.
Биыл жүзеге асырылатын негізгі жобалар мен жоспарлар жайында баяндаймын. Кездесулер ресми форматсыз, еркін түрде өтетінін атап өткім келеді. Осындай кездесулерді өткізу жергілікті билік пен тұрғындар арасындағы өзара сенімді нығайтудың маңызды қадамы деп санаймын. Тек ашық диалог пен кері байланыс арқылы біз тиімді шешімдер қабылдап, қаламызды бірге дамыта аламыз, — дейді ол.
Қала тұрғындарының басым бөлігі қатыса алуы үшін үш кездесу алаңы анықталды:
- 20 ақпан күні сағат 18.00-де С. Аманжолов атындағы ШҚУ (5-корпус);
- 27 ақпан күні сағат 18.00-де Металлургтер мәдениет сарайы (бұрынғы ДКМ)
- 6 наурыз күні сағат 18.00-де №46 орта мектепте.




