Ертең сағат 08.00-ден бастап Өскемен-Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман Қайнары кей көлік түрлері үшін жабылады, деп хабарлайды F16.kz.
«КАЖсервис» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, аталған тас жолдың 46-66 шақырымында тіркемелері мен жартылай тіркемелері бар көлік құралдарының қозғалысына ағымдағы қысқы кезең аяқталғанға дейін уақытша шектеу енгізіледі.




