Семей мен Өскемен арасындағы жол кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Аталған жол учаскесінде жалпы 95 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды F16.kz.
Абай облысы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының мәліметіне сүйенсек, бір маусымда бүкіл тасжолды жаңарту мүмкін болмағандықтан, жұмыс бірнеше жылға жоспарланған. 73 шақырым жол алғашқы кезеңмен жаңартылса, биыл қалған 22 шақырымы жөнделіп жатыр.
Бұл учаскеге екі қабат асфальт төселеді. Жұмыстарға 23 техника мен 41 маман тартылған. Мақсат — екі қала арасындағы қатынасты жақсартып, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы жүруіне жағдай жасау,- делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған учаскедегі жұмыстар аяқталуға жақын.




