Өскемендіктер мен қала қонақтары жылдағы дәстүрге сай Жаңа жыл мерекесін сол жағалау кешеніндегі Аяз ата резиденциясында атап өте алады. Резиденцияның ресми ашылуы 20 желтоқсан күні болады, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл жерде қонақтар мазмұнды жаңажылдық бағдарламаны тамашалайды:
- мерекелік фанфар әуені шырқалып, «Уақыт сақшысы» прологы ұсынылады;
- «Аяз ата 2025» фестиваліне қатысушыларды марапаттау рәсімі өтеді;
- Аяз атаның келуі және резиденцияның ресми ашылуы болады;
- балалар шығармашылық ұжымдары сахнада өнер көрсетеді.
Рәсімнен кейін жиылған жұртшылық орталық алаңға қарай беттеп, онда Өскеменнің бас шыршасын жағу рәсіміне қатысады.
Ұйымдастырушылар шараға отбасы болып келуге кеңес береді, өйткені бұл күні әр жанұяны нағыз ертегідегідей көңіл күй мен көріністер күтіп тұр.
Іс-шара күндізгі сағат 15.00-де басталады.




