Облыс орталығында жылу желілеріне жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше көшеде ыстық су өшеді. Бұл туралы «Шығыс жылу» АҚ мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Қалада жылыту маусымы аяқталысымен, келер маусымға дайындық басталып кетті.
Бүгін Жаңа Ахмер көшесіндегі 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 14, 15, 16, 17К, 17, 18, 19, 22 үйлерде жылу желісі өшірілген.
4 мамыр, яғни дүйсенбі күні Бейбітшілік, Қазақстан, Қайсенов, Бітібаева көшелері мен Жеңіс және Назарбаев даңғылдарында ыстық су өшіру жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.




