Өскеменде Altai Invest-2025 халықаралық инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
2025 жылғы 26 қыркүйекте өтетін ауқымды шараға бизнес өкілдері мен инвесторлар қатысады деп жоспарланған. Форумды өткізудегі басты мақсат – Шығыс Қазақстан облысындағы инвестициялық белсенділікті арттыру, ашық бизнес-платформа құру, жобаларды ілгерілету және өңірдің халықаралық брендін нығайту.
Бағдарламаға сәйкес пленарлық отырыс, B2B-кездесулер, инвестициялық жобалар көрмесі ұйымдастырылады.
Қатысушылар өз жобаларын таныстырып, әріптестік мүмкіндіктерін талқылайды және жаңа инвестицияларға жол ашады.
Altai Invest-2025 – Шығыс Қазақстан үшін нақты инвестициялар мен жаңа перспективаларға мүмкіндік!




