Өскемендегі көмір тұйықтарында ұзын-сонар кезек жоқ, деп хабарлайды F16.kz.
Облыс орталығында 29,5 мыңға жуық жер үй бар. Оның 24,5 мыңы көмірмен жылытылады. Биылғы жылыту маусымына 155 мың тонна көмір қажет деп көрсетілген. 9 қазандағы жағдай бойынша 87 437 тонна көмір сатылған. Яғни жалпы көлемнің 56,4 пайызы сатылып кетті.
Көмір тоннасы – 17 700-18 000 теңге. Әлеуметтік осал топтарға 17 200-17 500 теңгеден сатылады.




