Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінде жаңа мурал пайда болды, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл жолы Крылов көшесі, 106 мекенжайындағы үйдің қабырғасында салынған арт-объект құқарушыларға арналды.
Онда өрт сөндіру және төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару сәті бейнеленген. Яғни, өнер туындысы бейбіт күннің батырларына деген құрметтің белгісі болып табылады.




