21 наурыз күні облыс орталығында мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылады, деп хабарлайды F16.kz.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерінен бөлек, наурызкөжеге қосатын заттарды тиімді бағада ала алады.
Жәрмеңке әдеттегідей “Алтай” көтерме-тарату орталығында (Жібек Жолы көшесі, 44 мекенжайында) таңертең 08.00-ден 15.00-ге дейін болады.




