Облыс орталығында 14 ақпанға жоспарланған «Алтайым – алтын бесігім» атты республикалық командалық айтыс кейінге шегерілді, деп хабарлайды F16.kz.
Облыстық мәдениет басқамасы айтыстың өтетін күні мен уақытын қосымша хабарлайды.
Айта кетейік, сайыста Қарағанды облысының өнерпаздары мен Шығыс Қазақстан облысының өнер майталмандары түре айтыс, сүре айтыс, қайым айтыс, қыз бен жігіт айтысы, жыр, терме, күй, дәстүрлі ән бойынша өзара тартысқа түседі.
Жыр дүлдүлдерінің бәйгесін белгілі айтыскер ақын, Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев жүргізеді. Қазылар алқасының төрағасы — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.
Жеңіске жеткен команда жобаның келесі кезеңіне жолдама алады.




