F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменде өткен халықаралық шахмат фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
30.07.2026, 12:02
Жаңалықтар, Өскемен, Спорт
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Өскеменде тоғыз күнге созылған халықаралық «Oskemen Open 2026» шахмат фестивалі мәресіне жетті, деп хабарлайды F16.kz.

Ауқымды бәсекеде 16 елден келген 199 шахматшы шеберлік байқасты.

Фестивальдің басты бәсекесі саналатын Masters турнирінде 24 жастағы Андрей Есипенко (FIDE) топ жарып, 9 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші орынға Полина Шувалова (FIDE) тұрақтаса, Давид Паравян (FIDE) үшінші орын иеленді. Қазақстандық шахматшылар арасында үздік нәтиже көрсеткен 17 жастағы Даниял Сапенов 12-орынға тұрақтады.

Бұл Қазақстанда қатысқан биылғы екінші классикалық турнирім болды. Ақтөбедегі жарыстан кейін Өскеменде жақсы нәтиже көрсете алдым. Тоғыз партияның бесеуінде жеңіске жетіп, төртеуінде тең түстім. Соңғы ойындарда көшбасшылықты сақтап қалу оңай болған жоқ, – деді Андрей Есипенко.

Masters турнирінде алғашқы 15 орыннан бөлек, бірнеше арнайы номинация бойынша да жеңімпаздар анықталды. Қазақстанның үздік ойыншылары ретінде Қазыбек Нөгербек, Алдияр Ансат және Әлішер Сүлейменов марапатталды. Сондай-ақ түрлі Эло рейтинг санаттары мен әйелдер арасындағы үздік шахматшыларға арнайы жүлделер табысталды.

Айта кету керек, Masters додасында барлығы 77 спортшы бақ сынады. Олардың қатарында 22 халықаралық гроссмейстер (GM), бір әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер (WGM) және 29 халықаралық шебер (IM) бар.

Ал Open турнирінде Шымкенттің өкілі Әбілмансұр Әбділхаиыр жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені семейлік Арыстан Исанжулов, қола жүлдені павлодарлық Владислав Малыгин иеленді.

Әбілмансұр Әбділхаиырдың айтуынша, жарыстың ең шешуші сәті сегізінші турда болған.

Партияның басында қарсыласымның басымдығы байқалды. Бірақ ол мүмкіндігін пайдалана алмады. Соның арқасында партмяны өз пайдама өзгертіп, жеңіске жеттім. Турнирдегі қарсыластарымның бәрі өте мықты болды, – дейді ол.

Биылғы фестиваль ерлер мен әйелдер арасындағы классикалық шахматтан Қазақстан Кубогінің екінші кезеңі саналады. Жалпы жүлде қоры 50 млн теңгені құрады. Оның ішінде Masters турниріне – 45 млн теңге, Open турниріне – 5 млн теңге бөлінді.

Қазақстан Кубогінің үшінші кезеңі 12–20 қазан аралығында Атырауда өтсе, финалдық жарыс желтоқсан айында Астанада ұйымдастырылады.

Шығыс Қазақстан облыстық шахмат федерациясының атқарушы директоры Алекс Кудиновтың айтуынша, Oskemen Open бүгінде өңірдің дәстүрлі халықаралық турниріне айналған.

Бұл жарыс жас шахматшыларға әлемдік деңгейдегі гроссмейстерлермен бір алаңда ойнауға мүмкіндік береді. Алдағы жылдары турнирдің ауқымы одан әрі кеңейіп, қатысушылар саны арта түседі деп сенеміз, – деді Алекс Кудинов.

Айта кетейік, «Oskemen Open» халықаралық шахмат фестивалі Өскеменде қатарынан үшінші жыл ұйымдастырылып отыр.

Тегтер: ӨскеменСпортхалықаралық додаШахмат федерациясы
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артып келеді

ШҚО-да 95 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы қорғалды

15.09.2026, 12:55
Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

15.09.2026, 10:11
Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

15.09.2026, 09:17
ЖОО-ға түсіруге уәде берген: Өскемен тұрғыны 3 миллион теңгесінен қағылды

ЖОО-ға түсіруге уәде берген: Өскемен тұрғыны 3 миллион теңгесінен қағылды

14.09.2026, 17:18

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да 95 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы қорғалды

15.09.2026, 12:55

Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

15.09.2026, 10:11

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

15.09.2026, 09:17

ЖОО-ға түсіруге уәде берген: Өскемен тұрғыны 3 миллион теңгесінен қағылды

14.09.2026, 17:18

Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

14.09.2026, 15:44

Ауыл балаларының сапалы білім алуына жағдай жасалып жатыр — Күршім

14.09.2026, 14:44

ШҚО-да 5 лауазымды тұлға мен 2 басшы жауапқа тартылды

14.09.2026, 11:00

Ұлан ауданында жаңа сквер ашылды

14.09.2026, 10:05

Өскемендік «Алтай» сырт алаңда «Ұлытаудан» басым түсті

14.09.2026, 09:19

ШҚО әкімі Күршім ауданындағы спорт нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026, 16:52

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған