26-29 наурыз аралығында Өскемен қаласының аумағында «Қауіпсіз үй» республикалық рейдтік іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды F16.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Рейд барысында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, тексеру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізіп, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, – делінген Өскемен қаласы полиция басқармасының хабарламасында.




