24 қаңтар күні сағат 10.00-де Комсомол аралында шаңғы жарысында спорт-фест ұйымдастырылады, деп хабарлайды F16.kz.
Облыс орталығында өтетін спорт-фестке 16 жас пен 20 жас аралығында мектеп оқушылары, студенттер қатыса алады.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, жастар арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл заңға бағынатын, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Жеңімпаздар мен қатысушылар грамоталармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Қатысу үшін мына байланыс нөмірііне хабарласу керек: 8 707 811 79 59; 8 705 135 3840.




