Өскеменде бұрын қарым-қатынаста болған қызды аңдып, мазалаған ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы (сталкинг) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергелуде, деп хабарлайды F16.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, қала тұрғыны қызды жұмыс орнының маңында аңдыған, қоғамдық орындарға барып мазалаған, оның келісімінсіз ұялы телефонға түсіріп, бейнежазбаларды әлеуметтік желілерде жариялап, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін пікірлермен таратқан.
Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Елімізде сталкинг үшін қылмыстық жауаптылық заңнамалық деңгейде енгізілді. Қылмыстық кодекс заңсыз қудалау үшін жауаптылықты көздейтін 115-1-баппен толықтырылды, — делінген Өскемен қалалық полиция басқармасының хабарламасында.
Құқық қорғау органдары адамның еркінен тыс жасалған қудалау, аңду, байланыс орнатуға тырысу, үйінің немесе жұмыс орнының маңында күту, келісімсіз суретке түсіру және әлеуметтік желілерде арату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.




