Өскеменде 16 қаңтар сағат 20.00-ден бастап 17 қаңтар сағат 20.00-ге дейін қолайсыз метеорология жағдайының екінші дәрежесі сақталады. Бұл туралы «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Мамандардың айтуынша, қолайсыз метеожағдай кезінде атмосфералық ауаның ластану деңгейі артуы мүмкін. Яғни, күн күрт суытып, тұман түсіп, жел болмаған кезде, өнеркәсіп кәсіпорындарынан, энергия өндіру орталықтарынан, көліктер мен от жағатын жер үйлердің мұржасынан шыққан түтін мен зиянды газ ауаға тарамай шөгіп жатады. Мұндай кезде тұрғындар, әсіресе тыныс алу жолдары ауруына бейім жандар далада ұзақ болмағаны абзал.




