Бүгін облыс орталығындағы Гагарин Бульвары, Карбышев, Виноградов көшелері мен Мирный кентінде электр қуаты апатты жағдайда өшірілді, деп хабарлайды F16.kz.
«БЭСК» АҚ мәліметінше, электр қуаты үзілу салдарынан 11 645 жеке тұлға жарықсыз қалған.
Апаттық бригада жедел түрде қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Электрмен жабдықтау сағат 10:10-да толықтай қалпына келтірілді.




