Өскеменде балалар мен ересектерге тұмауға қарсы вакцина салу басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Мамандар Ресейде өндірілген «Гриппол» вакцинасын қолданады. Екпе алу үшін тұрғылықты мекенжайға қарасты емханаларға жүгіну қажет.
Екпені, қарсы көрсетілім болмаған жағдайда, кез келген адам өз еркімен ала алады.
Тек, дәрігерлердің айтуынша, тауық ақуызына аллергиясы бар адамдардың екпе алуына болмайды. Бұған дейінгі вакцина дозасына аллергиялық реакциясы болған балаларға да екпе салынбайды.
Сондай-ақ дене қызуы көтеріліп, жедел вирустық ауруға шалдыққан кезде немесе созылмалы аурулар асқынған жағдайда вакцинаны кейінге қалдырған жөн.




