Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында студенттердің құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Заң және жастар» атты диалог алаңы өтті, деп хабарлайды F16.kz.
«Заң және тәртіп» идеогемасы аясында ұйымдастырылған шараға ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Жандос Мұзтауов қатысып, заң бұзушылықтың салдары жайлы баяндады. Сондай-ақ экономикалық құқықбұзушылықтарды, дроперлік пен интернет алаяқтықты болдырмау және қаржылық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіздік тақырыптарында өз тәжірибесімен бөлісті
Кездесу барысында жастар арасында кең таралған электронды темекі, вейп және дроп өнімдерін қолдану мәселесіне де назар аударылды. Спикер бұл заттардың денсаулыққа зияны мен заң жүзінде тыйым салынғандығын атап өтті.
Студенттер толғандырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау саласының ерекшеліктері, жауапкершілік деңгейі, қаржылық қауіпсіздік және интернеттегі қауіпсіздік туралы жан-жақты мәлімет алды.




