Облыс орталығында жаңа ипподромның құрылысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша нысан биыл аяқталып, қолданысқа берілуге тиіс, деп хабарлайды F16.kz.
Жаңа ипподромның жалпы аумағы 40,37 гектарға жуық. Жоба бойынша ұзындығы 2200 метр ат жарыс жолы, үш қабатты әкімшілік ғимарат, үш тікбұрышты трибуна салу қарастырылған.
Бұрын ипподром қала ішінде болған. Жаңа нысан Ново-Явленка ауылының оңтүстік-батысында салынып жатыр. Қала іргесінде салынғаны қолайлы болғандықтан сол жер учаскесі таңдалды. Ол жерде халықаралық спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік болады, — деді шаһар басшысы Алмат Ақышов халықпен кездесуде.
Жобаның жалпы құны 1 млрд 385 млн теңгеден асады. Құрылыс жұмыстарын «DK Proekt» компаниясы жүргізіп жатыр.




