F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да жас кәсіпкерлердің үздік жобасы анықталды

F16 F16
21.04.2026, 11:02
Бизнес, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

Фото: ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

Өскеменде мектеп оқушылары мен студенттерге арналған «Мен – кәсіпкермін» республикалық байқауының финалдық кезеңі өтті. Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылған жоба Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан жастарды біріктіріп, олардың бизнес-идеяларын нақты жобаларға айналдыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды F16.kz.

Фото: ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

Бұл бастама алғаш рет Шығыста қолға алынған. Бүгінде жоба республикалық деңгейге шығып, үшінші жыл қатарынан Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Байқаудың негізгі мақсаты – жастар арасында кәсіпкерлік ойлауды дамыту және бизнес жүргізудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Биылғы байқаудың бір ерекшелігі бизнес қауымдастықтың белсенді қатысуы болды. Кәсіпкерлер қазылар алқасының мүшелері және сарапшылар ретінде қатысып, үміткерлердің жобасын бағалап қана қоймай, оларды жетілдіруге бағыт-бағдар берді. Мұндай тәжірибе қатысушыларға нарық талаптарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен оқу орындарында іріктеу жүргізіліп, үздік жобалар сарапталып, бағаланды. Нәтижесінде 19 колледж бен 12 мектептен 83 өтінім қабылданып, жалпы саны 128 қатысушы финалға жолдама алды. Финал Қазақстан-Американ еркін университетінде ашық қорғау форматында өтті.

Қатысушылар жобаларын қазіргі экономиканың негізгі бағыттары бойынша ұсынды. Олардың қатарында әлеуметтік кәсіпкерлік, цифрлық технологиялар, туризм, медицина, креативті индустрия және агроөнеркәсіп салалары бар. Жастар ұсынған бастамалар мазмұны мен дайындық деңгейі жағынан жоғары бағаланды.

Стартаптар қатарында қызмет көрсету саласындағы жобалар, қалдықтарды қайта өңдеу, білім беру платформалары, цифрландыру шешімдері және жергілікті ресурстарға негізделген шағын өндіріс бастамалары бар. Қатысушылар тек креативті идеялар ұсынып қана қоймай, бизнес-модель құру, тәуекелдерді бағалау және даму перспективаларын айқындау бойынша білімдерін көрсетті.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Әсет Әділханның айтуынша, ұсынылған жобалардың басым бөлігі – іске асыруға дайын нақты бизнес-идеялар.

Қатысушылардың дайындық деңгейі жоғары. Егер тиісті қолдау көрсетілсе мұндағы көп жоба жүзеге асыруға дайын. Ең бастысы бұл үдеріске бизнес белсенді қатысып отыр. Бұл жастарға сарапшылардың нақты бағасын алып, нарық талаптарын түсінуге мүмкіндік береді, – деді ол.

Байқауды ШҚО білім басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан-Американ еркін университеті және Өскемен экономика және техника колледжі бірлесіп ұйымдастырды.

Нәтижесінде әр бағытта үздік жобалар анықталды. Жеңімпаздар енді республикалық кезеңде облыс намысын қорғайды. Бұған дейін Шығыс Қазақстан өкілдері екі жыл қатарынан жақсы нәтиже көрсеткен. Айталық, 2024 жылы бір екінші орын, 2025 жылы екі үшінші орын иеленген.

Тегтер: TopБизнесжобаКәсіпкерлікӨскемен
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған