Облыс орталығында 5 қазанда жылыту маусымы басталды. Қаладағы тұрғын үйлер жылу жүйесіне кезең-кезеңімен қосылады, деп хабарлайды F16.kz.
«Шығыс Жылу» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қазандағы жағдай бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің 91,25 пайызы жылыту маусымына дайын болған.
«Жылу тасымалдағышты қабылдауға техникалық тұрғыда дайын емес үйлер тиісті техникалық шарттарды алғаннан кейін кезең-кезеңімен жылу жүйесіне қосылады», — деп хабарлады мамандар.
Тұрғын үйлерді жылыту жүйесіне қосу кестесін «Шығыс Жылу» компаниясының ресми сайтынан көруге болады.




