Облыс орталығындағы Әміре Қашаубаев көшесінде орналасқан орта мектептің қабылдау бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды F16.kz.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен сәтте жиһаз жанып жатқан. Құтқарушылар 20 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жауды ауыздықтады.
Мұғалімдер, оқушылар мен техникалық қызметкерлер мектеп ғимаратынан өздігінен эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.




