Әлеуметтік желілерде Өскемендегі «Magnum» супермаркеттер желісінде мерзімі өтіп кеткен өнімдердің жаппай сатылуы туралы ақпарат тарады. Осы жағдайға байланысты ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұтынушыларға арнайы іс-қимыл алгоритмін ұсынды, деп хабарлайды F16.kz.
Санитариялық ережелердің бұзылуын анықтаған азаматтар жазбаша түрде «Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы» (е-өтініш) базасы арқылы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мемлекеттік органына жүгінуге құқылы. Бұл ретте, өтініш Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес келуі, дәлелді негіздері мен растаушы айғақтары болуға тиіс.
Санитариялық талаптардың бұзылу фактілері расталған жағдайда, нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданатын болады, – деп мәлімдеді ведомство басшысының орынбасары Е.Пивоваров.




