F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскемендегі жаңа мектепте интернет нашар, антенна орнататын жер жоқ

F16 F16
02.02.2026, 15:00
IT, Білім мен ілім, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Өскеменнің сол жағалау ауданында былтыр күзде ашылған жаңа мектепте ұялы байланыс пен интернет желісі нашар. Ата-аналардың айтуынша, білім ордасы аумағында, оның ішінде әсіресе асханада Beeline ұялы интернеті өте әлсіз. Бұл мектеп ұжымына және оқушыларға келеңсіздік туғызып отыр, деп хабарлайды F16.kz.  

Интернеттің нашарлығынан оқушылар асханада тамақ сатып алу үшін Kaspi QR қосымшасын қолдана алмайды. Байланыс болмаған соң балалар интернет «ұстайтын» жер іздеп, сыртқа шығуға мәжбүр.

Бұл мәселені Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің цифрландыру және IT-технологиялар жөніндегі комитетінің жетекшісі Болатбек Закимов көтерді. Оның айтуынша, мәселе тек №41 мектеппен шектелмейді, бүкіл шағын ауданда және кейбір жаңа тұрғын үйлерде интернет сапасы төмен.

Біз бұл проблеманы тек бір мектеп аясында емес, жалпы облыс бойынша көтеріп жүрміз. Аудандарды аралап, мектептердегі интернет сапасын тексереміз. Мемлекет цифрландыру бағытын ұстанып отыр, бірақ соған қарамастан жаңа мектептердің өзінде ғимарат ішінде тұрақты байланыс жоқ, – деді Болатбек Закимов.

Шағын аудан тұрғындары да ұялы интернеттің әлсіздігіне жиі шағымданады.
Өскемен тұрғын Назерке Нұрлыбекқызы бұл тығырықтан шығу үшін сымды интернет желісіне қосылғанын айтты.

Үйге «Қазақтелекомнан» сымды интернет қосып алдық, соның арқасында ғана отырмыз. Ал ұялы интернет өте нашар. Такси шақырғың келсе де, Kaspi қосымшасы ашылмай қалады, – деді ол.

Байланыс мәселесін талқылау үшін №41 мектепте жиын өтті. Оған мектеп директоры, Beeline, Tele2 және Altel ұялы байланыс операторларының өкілдері, Өскемен қалалық білім бөлімінің мамандары қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша мектеп ішінде Tele2 және Altel байланысы тұрақты екені белгілі болды. Ал Beeline компаниясы жағдай мәз емес екенін растады. Басты себеп – мектеп пен тұрғын үйлер маңында базалық станцияның болмауы.

Beeline компаниясына қарасты «КаР-Тел» ЖШС-нің техникалық бөлім басшысы Владимир Проходов бұған дейін антенна-мачталық құрылыс орнату үшін қала әкімдігінен жер телімін сұрағанын, бірақ одан нәтиже шықпағанын тішге тиек етті.

Биыл бұл мәселені тағы көтереміз. Егер жер телімі берілсе, базалық станция салуға дайынбыз. Бұл тек №41 мектепке емес, маңайдағы тұрғын үйлерге де сапалы интернет береді, – деді ол.

Өскемен қалалық білім бөлімі де мәселенің тек бір мектепке емес, бүкіл шағын ауданға ортақ екенін растады. Бөлім басшысы Думанғазы Арынғазиннің айтуынша, негізгі қиындық – байланыс инфрақұрылымының жетіспеуі және антенна орнатуға жер телімдерінің аздығы.

Бұл – көпке белгілі мәселе. Кей тұрғындар антенна орнатуға қарсы, ал қолайлы жер телімдері тапшы. Сондықтан мәселені шешу үшін жоғары деңгейде бірлескен жұмыс қажет, – деді ол.

Қазір базалық станция орнату мәселесі әлі шешілмеген. Ал жаңа мектептің оқушылары күнделікті өмірде интернеттің әлсіздігін сезініп келеді. Бұл мәселенің шешімі қала қызметтері мен байланыс операторларының келісіміне тікелей байланысты.

Тегтер: БілімИнтернетӨскеменҰялы байланысцифрлық Қазақстан
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған