Ауа райының күрт суытуына байланысты ертең Өскемен мектептерінің 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, ауа температурасының төмендеуі себепті 16 қаңтарда облыс орталығындағы мектептердің бірінші және екінші ауысымда білім алатын 0-9-сынып оқушылары онлайн форматта оқиды.
Естеріңізге сала кетейік, қатты аязға байланысты бүгін де Өскемен мектептерінде сабақ қашықтан өткізілді.




