F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Жебеге» жетер тазы жоқ: Өскеменнің іргесінде шырға тартты

F16 F16
28.08.2025, 16:41
Жаңалықтар, Өскемен, Спорт
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Бүгін Өскеменде алғаш рет шырға тарту сайысы өтті. Қазақ халқының тереңнен тамыр тартқан аңшылық өнерімен ұштасқан ерекше спорт түрін тамашалауға қала іргесіндегі жазыққа біраз адам жиылды. Аузымен құс тістеген жиырмадан астам тазы жарыс көрігін қыздырды, деп хабарлайды F16.kz.

Көнекөздердің айтуынша, қазіргі «шырға тарту» деп атап, ит жүгіртіп жүрген бұл сайыс ертедегі қазақтың аңшылық дәстүрмен тамырласып жатыр.  Шырға тартуды бабаларымыз бағзы заманда бүркіт баптағанда қолданған екен. Қыранның балапанын аңға үйрету үшін шырға сүйретіп, соған түсірген. Ал тазыға шырға тарту кейін пайда болып, кеңінен таралып кетті. Мұнда иттің жүйріктігі мен ептілігі сыналады. Шырға тарту әзірге ұлттық спорт түрі ретінде бекітілмегенімен құмайлардың жарысы еліміздің түкпір-түкпірінде дүркіреп өтіп, оны қызықтайтын жанкүйерлер қатары да жылдан-жылға көбейіп келеді. Өскемендік итбегі Әлихан Байтіковтің айтуынша, Шығыс өңірінде тазы баптайтын әуесқойлар көп болғанымен олардың басын қосатын федерация жоқ.

Мұндай жарыс Өскеменде бірінші рет өтіп отыр. Сайысқа өзімнің 13 қар басқан “Жебе” атты тазымды әкелдім. Шырға тартуға жиыны 22 ит қатысты.   Топтық сында екінші, жаппай жүгіруде бірінші орынды жеңіп алдық. Қуаныштымын. Бір айта кететін жәйт, өңірдегі тазы баптайтын азаматтардың басын құрап, түрлі іс-шаралар ұйымдастыратын бір федерация керек бізге. Өйткені облыста саятшылықпен айналысатын, тазы ұстайтын адамдар аз емес. Егер федерация болса оларға да жақсы қолдау болар еді, бағыт-бағдар беріп, республикалық, халықаралық жарыстарға баруға көмектесетін еді, – деді чемпион атанған “Жебенің” иесі Әлихан Байтіков.

Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін Өскемен қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Диас Ерланұлы алдағы уақытта Өскеменнің итбегілерін жинап, мәселені шешудің жолдарын қарастыратынын айтты.

Кез келген спорттың дамуы үшін оған қолдау, насихат керек. Бүгінгі шырға тартуды өткізудегі мақсатымыз да дәстүрді дәріптеп, тазыны қазақтың брендіне айналдыру. Мұндай жарыс облыс орталығында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қала әкімінің тікелей қолдауымен қолға алынған шара болашақта дәстүрлі түрде өткізіледі және оған облыстың аудандарынан саятшыларды шақырамыз. Бүгінгі сайыстың өзі қалалық болғанымен оған Тарбағатай, Катонқарағай, Зайсан, Күршім аудандарынан қатысушылар келді. Болашақта жарыстың ауқымын кеңейтіп, деңгейін көтеру жоспарда бар. Ал тазы федерациясына келсек, жуықта өскемендік итбегілермен кездесіп, бұл мәселені талқылайтын боламыз, – деді Диас Ерланұлы.

«Тұйғын» атты тазысын жарысқа қосқан тарбағатайлық Ботажан Жұмақанов шырға тартуды әлі де жетілдіре түссе деген ұсынысын айтты. Өйткені кейбір иттер түлкі терісін сүйреткен мотоциклдің соңынан жүгірмей қояды.

Шырға тартып үйренбеген тазылар түлкі терісі байланған мотоциклдың соңынан жүгірмей, бірін-бірі қуалап, өз алдына кетеді. Сол үшін ең әуелі мотоциклдың орнына арнайы аппарат қолданса. Басқа қалаларда бар ондай. Теріні байлап жібереді, ол сыммен зулап отырады. Сондай-ақ жүгіргелі тұрғанда тазыларға тірі қоянды көрсетіп, табиғи инстинктін отса, содан кейін барып тері байланған аппараттың соңынан жіберсе нәтижесі әлдеқайда жақсы болады, – деді топтық жарыста жүлделі үшінші орынды иеленген «Тұйғынның» иесі.

Cуретте: «Тұйғын»

Конституцияның 30 жылдығы мен Қала күніне орай ұйымдастырылған шырға тарту сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 30 тамызда Өскеменнің Республика алаңында өтетін салтанатты кеште марапатталады. Жүзден жүйрік шыққандарға кубоктар мен қомақты ашалай сыйлықтар табысталады.

Тегтер: F16Конституция-30Қала күніӨскеменСпорттазыҰлттық спортшырға тарту
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған