ШҚО-да «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. 10-12 қазан аралығында облыс аумағында жолаушы тасымалдайтын автобустар мен таксилер тексеріледі, деп хабарлайды F16.kz.
Профилактикалық шараның басты мақсаты — заңсыз тасымалдаушыларды анықтау, жолдардағы қауіпсіздік, такси мен қалааралық тасымал қызметтерін пайдаланатын азаматтардың құқықтарын қорғау.
Іс-шара барысында полицейлер жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережелерінің сақталуын, көліктің техникалық жай-күйін, рөлі оң жақтағы көліктер мен такси жүргізушілерін тексереді, — деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, биыл қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен 54 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 60-тан астам адам зардап шеккен.




