F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

QS Stars рейтингінде 5 жұлдыз: ШҚТУ халықаралық деңгейде мойындалды

F16 F16
20.04.2026, 10:30
Білім мен ілім, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ

Фото: Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ

Шығыс Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде елеулі оқиға болды. Өңірдегі іргелі оқу орындарының бірі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті беделді QS Stars рейтингінде ең жоғары – бес жұлдыздық бағалауға ие болды, деп хабарлайды F16.kz.

Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш білім ордасының тек жекелеген жетістіктерін емес, тұтас институционалдық даму деңгейін халықаралық стандарттар тұрғысынан мойындаудың нақты дәлелі.

QS Stars жүйесінің ерекшелігі – оның дәстүрлі рейтингтерден өзгешелігінде. Мұнда жоғары оқу орындары әртүрлі қызмет бағыттары бойынша кешенді бағаланады. Сондықтан бес жұлдыз алу кездейсоқ нәтиже емес, ұзақмерзімді стратегиялық жұмыстың жемісі деуге толық негіз бар. Сарапшылар бұл жүйені сапаны жан-жақты зерделейтін тиімді құрал ретінде қарастырады.

Бағалау үдерісі бірнеше кезеңнен тұрады және жоғары деңгейдегі ашықтық пен дәлдікті талап етеді. Алдымен университет тарапынан кең ауқымды деректер пакеті дайындалады. Оның құрамына статистикалық көрсеткіштер, ішкі талдау есептер, студенттер мен түлектердің сауалнамалары, профессор-оқытушылар құрамының сапалық сипаттамасы, инфрақұрылымдық мүмкіндіктер және халықаралық серіктестік туралы мәліметтер енгізіледі. Бұл материалдар оқу орнының шынайы жағдайын барынша толық көрсетуге бағытталған.

Келесі кезеңде ұсынылған деректер тәуелсіз халықаралық сарапшылар тарапынан мұқият тексеріледі. QS талдаушылары – жоғары білім беру саласындағы тәжірибелі мамандар, олар әрбір көрсеткіштің нақтылығын, дәйектілігін және халықаралық талаптарға сәйкестігін жан-жақты зерделейді. Осылайша, бағалау формалды сипатта емес, нақты дәлелдерге негізделген аудит ретінде жүзеге асады.

Нәтижесінде университет бірнеше негізгі бағыт бойынша сараптамадан өтеді. Олардың қатарында білім беру сапасы, түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы, инфрақұрылымның дамуы, ғылыми-зерттеу әлеуеті және интернационалдандыру деңгейі бар. Әсіресе, қазіргі жаһандану жағдайында халықаралық байланыстар мен академиялық ұтқырлық көрсеткіштері университет беделінің маңызды индикаторына айналып отыр. – деп хабарлады Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың баспасөз қызметі.

Қорытынды бағалауда Шығыс Қазақстан техникалық университеті бірқатар стратегиялық бағыт бойынша ең жоғары – бес жұлдызға ие болды. Атап айтқанда, оқыту сапасы, инфрақұрылым, «Құрылыс» білім беру бағдарламасы, басқару тиімділігі, экологиялық тұрақтылық және түлектерді жұмыспен қамту көрсеткіштері жоғары бағаланды.

Бүгінде «Құрылыс» бағдарламасында 300-ден астам студент білім алып жатыр. Оқу процесін тәжірибесі мол, ғылыми дәрежесі бар – техника ғылымдарының кандидаттары мен PhD докторлар жүргізеді. Олардың басым бөлігінің құрылыс саласында нақты өндірістік тәжірибесі бар, бұл білім беру мазмұнының практикамен ұштасуына мүмкіндік береді.

Бағдарламаның тағы бір маңызды қыры – интернационалдандыру деңгейі. Атап айтқанда, бағдарлама ASIIN халықаралық аккредитациясынан өткен. Сонымен қатар мұнда Судан, Қытай, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген шетел студенттері білім алады. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында студенттер Венгрия, Түркия, Италия және Қытайдың жоғары оқу орындарында тәжірибе алмасады. Бұл факторлар білім беру сапасының жаһандық талаптарға сәйкестігін күшейте түседі.

Материалдық-техникалық база да бағдарламаның басты артықшылығын бірі саналады. Заманауи зертханалар мен өндірістік алаңдар студенттердің теориялық білімін нақты тәжірибемен ұштастыруға жағдай жасайды. Әсіресе, «Құрылыс өнімдерінің біліктілігін тексеру провайдері» және «Құрылыс өнімдерін сынау зертханасы» халықаралық аккредитацияға ие болуы – оқу үдерісінің сапасын жаңа деңгейге көтерген маңызды көрсеткіш.

«Құрылыс» бағдарламасы бүгінгі күні практикаға бағытталған білім беру, ғылыми және қолданбалы зерттеулерге қатысу, жетекші құрылыс компанияларымен тығыз байланыс орнату және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау сияқты негізгі басымдықтарды біріктіріп отыр, — деп мәлімдеді университеттің баспасөз қызметі.

Сарапшылар пікірінше, мұндай жетістік аймақтық университеттер үшін ерекше маңызды. Өйткені ол өңірлік жоғары оқу орындарының да халықаралық білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті бола алатынын көрсетеді. Сонымен қатар бұл нәтиже талапкерлер мен серіктес ұйымдар үшін университеттің сенімді әрі сапалы білім беру ортасы екенін дәлелдейді.

Жалпы алғанда, QS Stars жүйесі – әлемдік деңгейде мойындалған кешенді бағалау тетігі. Онда университеттің академиялық көрсеткіштері ғана емес, оның қоғаммен байланысы, тұрақты даму қағидаттарын ұстануы және түлектерінің нақты өмірдегі жетістіктері де ескеріледі. Осы тұрғыдан алғанда, 5 жұлдыздық баға – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті үшін жаңа даму кезеңіне жол ашатын стратегиялық жетістік.

Тегтер: F16БілімғылымРейтингШҚТУ
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

31.08.2026, 15:05
Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11
Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

31.08.2026, 12:05
Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

31.08.2026, 15:05

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11

Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

31.08.2026, 12:05

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06

Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

31.08.2026, 10:22

Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды

28.08.2026, 16:00

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болды

28.08.2026, 15:33

ШҚО-да жоғары оқу орындарына түскен түлектер саны артты

28.08.2026, 14:28

Президент жаңа Құрылтай төрағасын ұсынды

28.08.2026, 12:20

Ербол Нұрғалиев ШҚО әкімінің орынбасары қызметінен кетті

28.08.2026, 11:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған