F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Риддер дамудың даңғыл жолына түсті

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
13.11.2025, 14:18
Жаңалықтар, Риддер

Риддерде 2024 жылы басталған игі тенденция биыл да жалғасып отыр. Қала қарқынды дамып, экономиканың негізгі бағыттарында оң өзгерістер байқалуда. Бір сөзбен айтқанда, даму тоқтаған жоқ, керісінше, жаңа серпін алып отыр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қаныбек Төлеухан айтты, деп хабарлайды F16.kz сайты.

КІРІС КӨЛЕМІ АРТТЫ

Биылғы қаңтар мен қазан аралығында қала бюджетіне 17,6 миллиард теңгеден астам қаржы түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға көп.

Жоспар артығымен орындалды, 9 миллиард теңгеден астам кіріс түсті. Қаржы бар, демек, қалада жаңа жобалар мен бастамаларға мүмкіндік те бар деген сөз. Өнеркәсіп кәсіпорындары жыл басынан бері 129 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Иә, былтырғымен салыстырғанда аздап төмендеу бар. Бұған «Казцинктағы» мырыш өндірісінің азаюы әсер еткен.Оған себеп – кен қоры мен сапасының төмендеуі. Бірақ жалпы өндіріс көлемі тұрақты, жыл соңына дейін 142 миллиард теңгеге жуық өнім шығарылады деп күтілуде, – Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы.

Ауыл шаруашылығының да көрсеткіштері көңіл қуантады екен. Бүгінге дейін жалпы өнім 9,7 миллиард теңгеге жетіп, өсім 13,9% болды. Сүт көбірек сауылып, жұмыртқа артығырақ жиналуда, мал саны да ұлғайып келеді. Жыл соңына қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 13 миллиард теңгеге жуықтайды деп болжануда.

ҚАЛАДА ЖАҢА БИЗНЕС ИДЕЯЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫ

Қазір Риддер қаласы дүкендері мен базарларында сауданың қызған шағы. Жалпы, 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында кеншілер шаһарында 41,9 миллиард теңгенің тауары сатылған, бұл 9% өсім. Сауданың басым бөлігі – жеке кәсіпкерлердің үлесінде (83%). Жыл соңында бөлшек сауда айналымы 44,7 миллиард теңгеге жетеді деген болжам бар.

Қазір қалада 3 200-ден астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп тұр. Көпшілігі белсенді, жұмысын жалғастырып жатыр.

Биыл бірнеше жобаға қаржылай қолдау көрсетілді – 86 миллион теңгеге субсидия, 33 миллион теңгеге кепілдеме берілген. Жаңа нысандар да бой көтеруде. Мәселен, «SteakKing» супермаркеті ашылды, ал Үлбі кентінде 200 миллион теңгелік дүкен құрылысы жүріп жатыр.

ҚАЛАНЫҢ КЕЛБЕТІ ӨЗГЕРІП КЕЛЕ ЖАТЫР

Биыл Риддердің негізгі капиталына 47 миллиард теңге инвестиция тартылған. Иә, бұл өткен жылғымен салыстырғанда аздау, бірақ мұның өзіндік себептері бар, ол – техника жеткізудегі кідірістер.

Белгілі болғандай, инвестицияның басым бөлігі жеке қаражат (78%) екен. Әсіресе, құрылыс саласы ерекше қарқын алған, 36,5 миллиард теңгенің жұмысы атқарылып, өсім 43%-дан асып түсті.

Қаламызда 7 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырғыдан үш есе көп. Жыл соңына қарай 9 мың шаршы метрге жуық жаңа баспана ел игілігіне беріледі деп отырмыз, – деді Қаныбек Төлеухан.

Тегтер: TopКәсіпкерлікҚұрылысРиддер
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған