F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Самар ауданында аграрлық серпін мен туристік даму қатар өрістеп келеді

Madina Kainarova Madina Kainarova
23.06.2026, 09:00
Жаңалықтар, Самар
Фото: Аяужан Утеулинова/F16

Фото: Аяужан Утеулинова/F16

Самар ауданында экономиканың негізгі салаларын дамытуға бағытталған кешенді жұмыстар жалғасып жатыр. Ауыл шаруашылығын қолдау, туризм инфрақұрылымын жетілдіру, жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік нысандар салу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жобалар ауданның даму қарқынын айқындап отыр, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Осы жылдың алғашқы бес айында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасты. Өнеркәсіп өндірісінің артуы, ауыл шаруашылығы саласындағы өсім, инвестиция көлемінің ұлғаюы, туристік инфрақұрылымды жаңғырту және әлеуметтік нысандардың салынуы аудан экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов мәлімдеді.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Самар ауданында 11 062 адам тұрады. Аудан құрамына 8 ауылдық округ пен 21 елді мекен кіреді.

Тұрақты өсім

Осы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша аудан экономикасының негізгі салаларында тұрақты өсім тіркелді.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 881,0 млн теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 667,0 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,8 пайызға артты. Нақты көлем индексі 102,0 пайыз болды.

Инвестициялық салада да жоғары өсім байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3 066,7 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,4 пайызға ұлғайды. Нақты көлем индексі 152,1 пайызға жетті. Жеке инвестициялар көлемі 2 540,5 млн теңгені құрап, бір жыл ішінде 41,8 пайызға өскен.

Сауда саласында бөлшек сауда айналымы 1 510,0 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4 пайызға жоғары. Ал көтерме сауда көлемі 160,8 млн теңгеге жетіп, 2,4 есеге ұлғайған.

Бақша шаруашылығына басымдық беріледі

Ауданның аграрлық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Соның ішінде бақша шаруашылығын дамыту мәселесі күн тәртібіндегі маңызды бағыттардың біріне айналған.

Бақша шаруашылығы аудан аумағында қазірдің өзінде табысты дамып келеді. Кәсіпкерлер арнайы бөлінген жерлерде көкөніс пен бақша дақылдарын өсірумен айналысуда. Сонымен қатар, Құлынжон ауылында бұл саланы кеңейтуге ниетті инвесторлар да бар.

– Құлынжон ауылы Күршім бағытына қарай орналасқандықтан табиғи-климаттық жағдайы бақша шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Қазіргі уақытта бақша дақылдарын өсіруге шамамен 15 гектар жер бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта

Жалпы ауданда агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетілуде. Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен 744 миллион теңгеден астам қаржы бөлу қарастырылған. «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы Аграрлық несие корпорациясы жалпы сомасы 739 миллион теңгеден асатын 13 жобаны қаржыландырды. Ал «Іскер» бағдарламасы бойынша бір жобаға 5 миллион теңге бөлінген.

Қазіргі таңда ауданда мал бордақылау алаңдарын ашу, суармалы жер көлемін ұлғайту, құрамажем зауытын іске қосу, ірі қара мал сатып алу және қажетті инфрақұрылым салу жобалары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар көктемгі егіс жұмыстары толық әрі уақытылы аяқталып, шаруашылықтар жанар-жағармай және тұқым материалдарымен 100 пайыз қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік қолдау жаңа жобаларға жол ашты

Ауданда бірқатар ірі жобалар іске асырылады. Атап айтқанда, суармалы жерлерді ұлғайту, мал бордақылау алаңдарын салу, құрамажем өндірісін дамыту және инфрақұрылымды жетілдіру бағытындағы жұмыстар жүргізіліп  жатыр.

«Талды-Екпін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1000 басқа арналған бордақылау алаңын реконструкциялау арқылы іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 820 млн теңге, іске асыру мерзімі 2026–2027 жылдарға жоспарланған. Сонымен қатар кәсіпорын 350 гектар суармалы жерді ұлғайту жобасын жүзеге асырмақ. Қазіргі уақытта 8 айналмалы жаңбырлатып суару машинасы жеткізіліп, монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ «Еңбек Агро» ЖШС 80 гектарға, «Бірлік» шаруа қожалығы 240 гектарға суармалы жер көлемін ұлғайтуға ниетті. Бұл шаруашылықтарға да жаңбырлату қондырғылары жеткізіліп, монтаждау жұмыстары жүргізіледі.

Алайда бірқатар жобалардың толық іске асуына электр желілерінің жоқтығы кедергі келтірген. Осыған байланысты инфрақұрылымды дамыту мақсатында үш жоба облыстық басқармаға ұсынылды.

«Дарханұлы» шаруа қожалығының иелігінде 2350 гектар ауыл шаруашылығы жері бар, онда 250 бас ірі қара және 200 жылқы өсірілуде. Шаруашылық қосымша 105 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алып, 500 басқа арналған бордақылау алаңын өз қаражаты есебінен ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар «Игілік» бағдарламасы аясында 200 бас ірі қара сатып алу көзделген. Дегенмен электр желісінің жоқтығы жобаны толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермей отыр.

«Бірлік» шаруа қожалығы да 240 гектар жерді суару жобасын іске асыруда. Суару жұмыстары жаңбырлату насос қондырғысы арқылы жүргізілмек. Алайда электр желілерінің болмауы жобаның толық іске асуына кедергі келтіруде.

«Ахмадиұлы» шаруа қожалығы мен «Восток Фиш» ЖШС Көкжота ауылында 120 млн теңгелік құрамажем зауытын іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба шетелдік инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылады. Сонымен қатар «Игілік» бағдарламасы аясында 200 бас ірі қара сатып алу көзделген.

«Almas UK» ЖШС де «Игілік» бағдарламасы бойынша 250 бас ірі қара сатып алмақ.

Заманауи ветеринариялық пункт салынады

Ауылдық округтерде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Бастаушы, Аққала және Құлынжон ауылдарында заманауи ветеринариялық пункттер мен биотермиялық шұңқырлар салу жоспарланып отыр. Бұл бастама өңірдегі ветеринарлық қауіпсіздікті күшейтіп, ауыл шаруашылығы жануарлары арасында жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған.

Жаңа ветеринариялық пункттер қажетті диагностикалық және алғашқы көмек көрсету қызметтерін жергілікті деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мал ауруларын ерте анықтап, шұғыл шаралар қабылдауға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығы саласындағы тәуекелдерді азайтып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.

Жобаның тағы бір маңызды бөлігі – биотермиялық шұңқырлардың салынуы. Бұл нысандар ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес мал өлекселерін қауіпсіз жоюға мүмкіндік беріп, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға қызмет етеді. Осы арқылы ауылдық елді мекендерде экологиялық және санитарлық қауіпсіздік деңгейі артады.

Жалпы алғанда, аталған инфрақұрылымдық жобалар ауыл шаруашылығының дамуына ғана емес, халықтың денсаулығын қорғауға және өңірдегі эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Туризм жаңа деңгейге көтеріледі

Самар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттардың бірі – туризм.

Қазіргі уақытта аудан аумағында 71 демалыс базасы жұмыс істейді. Олардағы демалушыларға арналған орын саны шамамен 2800 төсек-орынды құрайды.

Бұқтырма жағалауындағы туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында биыл ауқымды жобалар қолға алынған.

Сарыбел ауылында Алакөлдегі Арбат үлгісіндегі заманауи серуендеу аймағын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар жағалауды кешенді абаттандырудың бас жоспары жасалып жатыр.

Жоба аясында демалыс базалары мен коммерциялық нысандар салуға арналған 300 жер телімін бөлу көзделген.

Сарыбелден Күршім көпіріне дейінгі жағалау аумағын абаттандыру жұмыстары да жоспарланған.

Туристер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Миролюбовка ауылында санитарлық-гигиеналық торап салынады.

Жағалау бойындағы мобильді байланыс сапасын жақсарту үшін «Кар-Тел» АҚ-мен бірлесіп құны 58 млн теңге болатын антенналық-мачталық құрылыс орнатылды.

Инвестиция тарту үшін ауданның туризмді дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, қазақ, орыс және қытай тілдерінде ақпараттық-картографиялық өнімдер дайындалуда.

Әлеуметтік саладағы оң өзгерістер

Білім беру саласында да нәтижелі жұмыстар жалғасып келеді.

Ауданда 19 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Онда 1647 оқушы білім алады.

Биыл 11-сыныпты 79 түлек аяқтады. Оның ішінде 70 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан.

«Алтын белгіге» 9 түлек үміткер болса, өткен жылы олардың саны 6 болған. Үздік аттестатқа үміткерлер саны 4-ке жетті.

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 62,401 млн теңге бөлініп, екі мектеп заманауи физика, химия, STEM және робототехника кабинеттерімен жабдықталады.

«Реновация 1300 мектеп» жобасы аясында Самар орта мектебі №1 ғимаратына 327,8 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

Денсаулық сақтау жүйесі жаңғыртылмақ

Самар аудандық ауруханасы тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді. Оның құрамында 38 төсектік тәулік бойғы стационар, 14 орындық күндізгі стационар, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт және 14 медициналық пункт бар.

Медициналық ұйымға 10 575 тұрғын тіркелген.

Биыл Миролюбовка ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункт пайдалануға берілді.

Ауданның жедел жәрдем қызметі төрт мамандандырылған автокөлікпен қамтамасыз етілген. Барлық қызметкерлер халықаралық триаж жүйесі бойынша оқытудан өткен.

Тұрғындарды профилактикалық тексерулерден өткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Әсіресе сүт безі обыры, жатыр мойны обыры және колоректалдық қатерлі ісік бойынша скринингтердің орындалу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай артқан.

Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау

2026 жылы аудан бойынша 516 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның ішінде 282-сі тұрақты, 234-і уақытша жұмыс орындары.

Бүгінгі таңда 203 жұмыс орны құрылған.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 337 адам жүгінсе, олардың 218-і белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды.

Ауданда қазіргі уақытта 913 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде 443 жеке кәсіпкер, 387 шаруа қожалығы және 83 заңды тұлға бар.

Шағын және орта бизнес саласында 2370-тен астам адам еңбек етеді.

Инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысы қарқын алды

2026 жылы «Көкпекті – Самарское – Васильевская өткелі» автомобиль жолының 120–150 шақырым аралығына орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Жобаның жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайды.

Тұрғын үй құрылысы саласында да өсім сақталуда. Қаңтар–мамыр айларында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1 281 шаршы метр деңгейінде болжанып отыр. Өсім қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,9 пайызды құрайды.

Жалпы алғанда, Самар ауданы 2026 жылдың алғашқы бес айында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсімді қамтамасыз етіп отыр. Ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, туризмді дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар ауданның экономикалық әлеуетін күшейтіп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42
Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

08.07.2026, 09:16
Еліміздегі ең ұзын бойлы түлек Amanzholov University-ді тәмамдады

Еліміздегі ең ұзын бойлы түлек Amanzholov University-ді тәмамдады

07.07.2026, 18:11

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

08.07.2026, 09:16

Еліміздегі ең ұзын бойлы түлек Amanzholov University-ді тәмамдады

07.07.2026, 18:11

Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала немесе қайта сайлана алады – Конституциялық Сот

07.07.2026, 15:56

Катонқарағайда халықтық спорт ойындары басталды

07.07.2026, 15:09

Қазақстандықтардың 87%-ы елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026, 13:08

Жылыту маусымына дайындық: Өскеменде әлеуметтік көмір сатылып жатыр

07.07.2026, 11:50

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері марапатталды – ШҚО

07.07.2026, 10:00

Самар ауданында ашық аспан астындағы QUIZ өтті

05.07.2026, 09:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған