F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Самар ауданында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды — ШҚО

F16 F16
04.02.2026, 11:19
Әлеумет, Біздің медицина, Жаңалықтар, Самар
Фото: Самар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Самар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының Миролюбовка ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды. Заманауи медицина нысаны «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында бой көтеріп, халықтың алғашқы медицинадық-санитариялық көмекке еркін қол жеткізуіне мүмкіндік туғызып отыр, деп хабарлайды F16.kz порталы аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

1 - 9
- +

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Миролюбовка ауылында ұзақ жылдар бойы жаңа әлеуметтік нысандар салынбаған, кейінгі ғимараттар 1990-жылдары тұрғызылған. Осыған байланысты жаңа медицина пунктінің ашылуы ауыл халқы үшін көптен күткен маңызды оқиға болғаны рас.

Салтанатты шара барысында Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов нысанның құрылысы туралы шешім былтыр облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың ауданға жасаған сапары кезінде қабылданғанын атап өтті.

Миролюбовка — транзиттік ауыл және туристік бағытта орналасқан елді мекен. Осыны ескере отырып, фельдшерлік-амбулаториялық пунктті дәл осы ауылда салу жөнінде шешім қабылданды. Облыс басшылығының қолдауының нәтижесінде бұл мәселе оң шешім тауып, бүгінде ауыл тұрғындары мен аудан қонақтары заманауи жағдайда сапалы медициналық қызмет ала алады, — деді аудан әкімі.

Сонымен қатар ол ауылдық жерде медицина инфрақұрылымын дамыту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік саясатына толық сәйкес келетінін атап өтті.

Медицина саласының ардагері, Миролюбовка ауылының тұрғыны Фания Арапова жаңадан ашылған нысан халықтың денсаулығын нығайтуға зор ықпал ететінін тілге тиек етті.

Ауылымызда осындай маңызды нысанның ашылғанына өте қуаныштымын. Мен Миролюбовкада медицина саласында 30 жылдан астам еңбек еттім. Бұл ФАП-тың салынуы — облыс пен аудан басшылығының көреген әрі уақытылы қабылдаған шешімі. Қазіргі медицина үнемі дамып келеді, ал бұл жерде халыққа сапалы қызмет көрсетуге қажетті барлық заманауи жабдықтар бар, — деді ол.

Жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункт заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, емшара және қарау кабинеттерімен, сондай-ақ дәріханалық бөлмемен қамтамасыз етілген. Ғимарат санитариялық және құрылыс талаптарына толық сәйкес келеді, барлық инженерлік желілерге қосылған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделген. Нысанның жалпы аумағы 139 шаршы метрді құрайды, бір мезетте 25 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік бар.

Тегтер: F16денсаулық сақтаумедицинасалауатты ұлтСамар ауданыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған