6 маусым күні Самар ауданы Сарыбел жағалауында турситік маусым ашылады, деп хабарлайды F16.kz.
Өңір тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі-түсті бояулар шоуы, әуе шары, би, музыка, ашық аспан астындағы кеш ұйымдастырылады.
Кештің хедлайнері – танымал қазақстандық рэп және хип-хоп орындаушысы SAY МО.
Кіру тегін. Жаздың алғашқы жарқын мерекесін бірге қарсы алайық, — делінген Самар ауданы әкімдігінің хабарламасында.
Маусымның ашылуы Сарыбел аумағының жағалауында 6 маусым күні, сағат 17:00-де өтеді.




