Самар ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көше жолдары, тротуарлар мен көпірлер жуылып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, жолдарды санитарлық тазалау бойынша мердігер ұйыммен келісімшарт жасалған.
Тазалық жұмыстарына аралас жол тазалау машинасы және МТЗ-82 тракторы жұмылдырылған.
Апта басынан бері көшелерді жуу жұмыстары Бастаушы, Миролюбовка және Самар ауылдарында жүргізілді.




