Сенбі күні облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Жәрмеңке сенбі күні сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы (Жібек жолы көшесі, 44) аумағында ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер жаңа әрі сапалы өнімдер ұсынады: сиыр, жылқы, қой еті, сүт, шұжық өнімдері.




