F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шалғай ауылдарда медицина қызметі жаңа деңгейге көтерілді — ШҚО

F16 F16
01.04.2026, 15:23
Біздің медицина, Жаңалықтар, Шемонаиха
Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Шығыс Қазақстан облысында ауыл медицинасы қарқынды дамып келеді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірдің шалғай елді мекендерінде жаңа медицина нысандары салынып, ел игілігіне беріліп жатыр. Солардың бірі – Шемонаиха ауданына қарасты Волчанка ауылында бой көтерген отбасылық дәрігерлік амбулатория, деп хабарлайды F16.kz.

Жаңа амбулатория заманауи талаптарға сай жабдықталған және бір ауысымда 25 адамды қабылдай алады. Мекеме бір жылда 1300-ден астам тұрғынға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жалпы ауданы 440 шаршы метр болатын нысанда 23 кабинет бар, оның ішінде тексеру, консультация және диагностикалық қызмет көрсетуге арналған барлық қажетті жабдықтар орнатылған.

Бұрын Волчанка ауылының тұрғындары дәрігерге қаралу үшін аудан орталығына ат сабылтатын. Енді ауылда барлық жағдай жасалған заманауи амбулатория ашылып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіле бастады. Бұл – ауыл халқына үлкен қолдау.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Жобаны жүзеге асыруға бірнеше қаржы көзінен қаражат тартылған. Құрылысты аяқтауға қаражаттың бір бөлігі шетелден қайтарылған активтерді жинақтайтын арнайы мемлекеттік қордан бөлінген. Үкімет шешімімен амбулаторияға шамамен 67 миллион теңге бағытталды. Жалпы жоба құны –419 миллион теңге. Сондай-ақ қаражаттың бір бөлігі Үкімет резерві мен облыс бюджетінен бөлінген.

Амбулатория іске қосылғанда шалғай елді мекендегі денсаулық сақтау қызметінің деңгейі айтарлықтай жақсарады. Бұл әсіресе созылмалы аурулары бар, балалар мен егде жастағы тұрғындар үшін маңызды.

Волчанка ауылында қазір 1200-ден астам тұрғын бар. Біз ғана емес, жергілікті халық та осы амбулаторияның ашылуын ұзақ күтті. Енді бұл жерде толық жабдықталған, заманауи, жарық, жылы ғимаратта үш ауылдың тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетіледі, — деді аудандық аурухананың бас дәрігері Бақыт Таймасова.

Оның айтуынша, қазір ауылдық жерде дәрігер тапшы. Ал Волчанкада ондай мәселе жоқ. Штат бойынша дәрігерлер мен медбикелер жеткілікті.

Жуықта ауылымызға жас отбасы көшіп келді. Күйеуі мен әйелін жұмысқа алдық. Екеуінің де медициналық білімі бар. Осындағы заманауи құрылғыларды еркін меңгеру үшін алдағы уақытта жас мамандарды біліктілікті арттыру курстарына жібереміз, — деп қосты бас дәрігер.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жоба шеңберінде 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысанын салу, 32 көпсалалы орталық аудандық аурухананы жаңғырту жоспарланған.

Бағдарлама аясында ауылдық жерлерде медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункт және дәрігерлік амбулатория салу көзделген. Оның ішінде бұрын медициналық инфрақұрылымы болмаған ауылдар да қамтылған.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жобаның нәтижесінде шалғай ауылдарда тұратын шамамен 1 миллионға жуық тұрғын білікті медициналық қызметке тікелей қол жеткізе алады. Осылайша, ауыл халқы аудан орталықтарына қатынау үшін ұзақ жол жүруден құтылып, қажетті медициналық көмекке уақытылы қол жеткізеді.

Бұл бастама Шығыс Қазақстандағы ауылдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық қадам болып отыр. Аудан әкімдіктері мен жергілікті тұрғындардың қолдауымен жаңа амбулаториялар жұмысын жандандырып, ауылдық медицинаның қолжетімділігі мен сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Тегтер: F16денсаулық сақтаумедицинаШемонаиха ауданыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған