Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылынан Өскеменге науқас қыз санитарлық авиациямен шұғыл жеткізілді, деп хабарлайды F16.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің МИ-8 тікұшағының бортында 2016 жылы туған науқас қыз, санитарлық авиация дәрігерлері Рафаил Халитов пен Татьяна Сергеева болды. Ал тікұшақты «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Евгений Гончаров пен Олег Алфеев басқарды. Медициналық көмекке мұқтаж қыз аман-есен Өскемендегі ауруханаға жеткізілді.




