Шемонаиха қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды F16.kz.
Оқыс оқиға 3-ші шағын аудандағы 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған.
Өрт сөндірушілер жеткенше 3-ші қабаттан шыққан өрт 6 шаршы метр аумаққа шарпып үлгерген. ТЖД қызметкерлері 10 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
ТЖМ азаматтарды барынша сақ болуға, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.




