Құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 18 қыркүйек сағат 11:00-ден бастап 20 қыркүйекке дейін жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына сәйкес айналма жолдың бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды F16.kz.
Сонымен қатар Есенберлин көшесінде екі бағыт бойынша да көлік қозғалысы уақытша жабылады. Көлік қозғалысы уақытша жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасы бойынша жүзеге асырылады.
Жүргізушілер уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болып және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлаған жөн. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, — делінген хабарламада.




