Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жоспарлы өртке қарсы оқу-жаттығу ұйымдастырылды, деп хабарлайды F16.kz.
Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдай кезінде әрекет ету алгоритмдері пысықталып, қызметкерлерді эвакуациялау тәртібі іс жүзінде тексерілді. Сонымен қатар жауапты қызметтердің өзара іс-қимылы да үйлестірілді.
Мамандардың айтуынша, мұндай оқу-жаттығулар қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және шұғыл жағдайларда дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.




