F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО әкімі Аустрия Елшісімен кездесті

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
01.08.2026, 11:14
Жаңалықтар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Аустрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андреа Бахермен кездесті, деп хабарлайды F16.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар инвестиция, туризм және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Аймақ басшысы мейманға Шығыс Қазақстанға қайта келгені үшін алғыс айтып, бұл сапар екіжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға деген өзара қызығушылықтың айқын көрінісі екенін атап өтті.

Биылғы сапарыңыздың «Марқакөл – Шығыстың маржаны» халықаралық фестивалі аясында өтіп жатқаны ерекше қуантады. Бұл өңіріміздің қайталанбас табиғатын, туристік әлеуеті мен мәдени мұрасын жақынырақ таныстыруға мүмкіндік береді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Кездесуде Қазақстан мен Аустрия арасындағы өзара сенім мен сындарлы диалогқа негізделген достық қарым-қатынастардың маңыздылығы айтылды. Облыс әкімі Аустрия Елшілігінің Шығыс Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға тұрақты қолдау көрсетіп отырғанын жоғары бағалады.

Тараптар биылғы қаңтар айында өткен алғашқы кездесудің нәтижелеріне де тоқталды. Сол кезде денсаулық сақтау, өнеркәсіп және туризм салаларындағы нысандар таныстырылып, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың әлеуеті талқыланған болатын.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен SANLAS HOLDING GmbH компаниясы арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылып жатқан заманауи оңалту орталығын салу жобасы болды.

Облыс әкімі аталған жобаның өңір үшін стратегиялық маңызға ие екенін айтып, оны іске асыруға аустриялық тараптың қызығушылығын жоғары бағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар жобаға жаңа серпін беру қажеттігін атап өтіп, Аустрия Елшілігін SANLAS HOLDING GmbH компаниясымен өзара іс-қимылды жандандыруға қолдау көрсетуге шақырды.

Сондай-ақ тараптар биыл мамыр айында Астанада Аустрияның федералдық министрлерінің ресми сапары аясында өткен қазақстандық-аустриялық бизнес-дөңгелек үстелдің қорытындыларын да оң бағалап, мұндай алаңдар жаңа инвестициялық бастамаларды жүзеге асыруға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық әлеуеті жоғары екенін айтып, өңір австриялық компаниялардың жаңа жобаларын қарастыруға және оларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екенін тілге тиек етті.

Өз кезегінде Аустрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андреа Бахер Шығыс Қазақстанның табиғи әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктеріне жоғары баға беріп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Сонымен қатар аймақ басшысы бірқатар шетелдік компаниялардың басшыларымен де кездесті. Атап айтқанда, қытайлық YEMA және Altay Xinji International Trade компанияларының жетекшілерімен өткен кездесулерде инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру жайы талқыланды.

Тегтер: ЕлшіШҚО әкіміынтымақтастық
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

16.10.2026, 09:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған