Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Президент қолынан мемлекеттік марапат алған белгілі археолог Зейнолла Самашевті құттықтады, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жерлесіміз, әйгілі археолог Зейнолла Самашевқа «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы» мемлекеттік сыйлықты табыстады. Ол өркениетіміздің теңдессіз қазынасы саналатын «Берел қорғанын» ашып, оны жан-жақты зерттеуге зор үлес қосты. Осы сәтті пайдаланып, ғалым ағамызды барша жерлестеріміздің атынан құттықтаймын! – деп жазды Instagram әлеуметтік желісінде облыс әкімі.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні мерекесі қарсаңында елдің дамуына елеулі үлес қосқан әртүрлі сала өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.




