Көлік қызметкерлері күніне орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің көлік-логистика саласында тер төгіп жүрген мамандарды құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды F16.kz.
Президент Жарлығымен көлік саласындағы адал еңбегі үшін «КАЖсервис» ЖШС өкілі Болат Жұртбаев пен «Қазақстан темір жолы» АҚ «Защита сигнализация және байланыс дистанциясы» техникалық құжаттама тобының инженері Василий Колесников «Құрмет» орденімен марапатталды.
Президент әкімшілігінің алғыс хаты облыстық авиация басқармасының бастығы Қалиқан Байғонысовқа тапсырылды. Аймақ басшысы марапат иелерін құттықтап, еңбектеріне толағай табыс тіледі.




