Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева қызметінен кетті. Бұл туралы инсайдерлік ақпарат көзіне сүйеніп Tereze телеграм арнасы мәлімдеді.
F16.kz тілшісі хабарласқан облыс әкімдігінің бірнеше қызметкері бұл ақпаратты растады. Әзірге Чернышеваның қызметінен кеткені туралы ресми мәлімет жарияланған жоқ. Дегенмен ШҚО білім басқармасының ресми сайтында басқарма басшысының міндетін атқарушы ретінде Жанғазы Әліпбаевтың аты-жөні жазылып тұр.




